Әдеби өлкетану
№12 кітапхана-бөлімшесінің балалар бөлімінде «Сен туралы менің Қазақстаным» атты ойын-сайыс №8 балалар үйінің 5-6 сынып оқушыларымен өткізілді.
21.12.2013 00:47

1Мақсаты: балаларды патриотизмге, адамгершілікке, өз Отанына деген сүйіспеншілікке, Қазақстан Республикасының мүддесі үшін қызмет етуге әрқашан дайын болуға тәрбиелеу.

Ойын Отан туралы, оның күші мен құдіреттілігі, адамдардың рухани байлығы туралы әңгімеден басталды. Ойын балалардың Қазақстанға сырттай саяхатқа аттануымен жалғасты. Топтардың алдына қойған тапсырмалар, ол топтар барлық бекеттерден өтіп, ұпай жинаулары керек. Бағыттық беттерде алқабилер (бестік жүйеде) бағаларды қойды. Ойын-саяхат алты: «Тарихи», «Қазақстан рәміздері», «Бүгінгі Қазақстан», «Патриоттық», «Мәдениеті мен салт-дәстүрлері», «Викторина» деген бекеттерден тұрды. Әр бекеттен өткен сайын слайд көрсетіліп, олар Құрманғазының «Сары-Арқа», «Туған жер» күйлерімен жалғасты.

Соңынан алқабилер ойынның қорытындысын жасады. Жеңген топқа ескерткіш сыйлықтар беріліп, белсенді ойыншыларды да атап өтті.

 
№26 орта мектептің 8 сынып оқушылары арасында Мирный кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде ҚР-ның тәуелсіздік күніне орай «Желтоқсан – тәуелсіздіктің рухы» атты тарихи кеш өткізілді.
16.12.2013 23:38

Шара мақсаты: балалардың елге, жерге, халыққа, Отанға деген патриоттық сүйіспеншіліктерін арттырып, адамгершіліктерін қалыптастыру.

Тәуелсіздік күні – Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі. Қазіргі Қазақстанның өмір жолы 1991 жылғы 16 желтоқсаннан басталады. Алтайдан – Алатауға дейін ұлан-ғайыр жерді мекен еткен, талай ғасырлар бойы ата-бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген. Олар көксеген арманға 20 ғасырдың аяғында қол жеткіздік. Соның арқасында бүгінгі таңда өз бағыт-бағдарын ұстанған, өркениет елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық. Міне, тәуелсіздігіміздің 22 жылын тойлап отырмыз. Қазақстан өз тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап, үлкен керемет жетістіктерге қол жеткізді.

Шара тарихи кеш түрінде өткізілді. Кітапханашы оқушыларға еліміздің егемендігіне қалай қол жеткізгенін айта келіп, желтоқсанда елін, халқын, Отанын сүйген патриот ұлдарымыз Қ.Рысқұлбеков, Е.Сыпатаев және өрімдей жас қыз Л.Асанованың ерліктері жайында әңгімеледі. «Тәуелсіздіктің – тарихи жолы» атты слайдтар көрсетілді. Оқушыларға «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының күні», «Желтоқсан желі» атты бейнебаян көрсетілді.

Тарихи кешке қатысқан оқушылар желтоқсан жайында, еліміздің егемендігі және осындай отанының патриоты екендігін ортаға салып өз ойларынан үн қосты. «Елімнің тәуелсіздігі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар қажетті мәліметтерін үйге алды.

 
Балалар және жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Тұңғыш Президент күні – Қазақстанның саяси беделінің күні» атты слайд-сабақ өтті.
28.11.2013 15:14

           Іс-шараның мақсаты: оқушыларға жаңа мемлекеттік мерекені таныстыру.

           Мерекелік іс-шараға №22 мектептің 8 сынып оқушылары қатысты.

            Кітапханашы слайд-сабақ барысында Қазақстанның егеменді ел атануына Елбасының қосқан үлесі жайында және оның 1990 жылдан бастап қазіргі күнге дейінгі атқарған қызметі туралы, Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасына қосқан үлесі зор, Қазақстан экономикасы алға қарай жылжуда, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдениетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымақтастығын жарастырып отырған ұлы тұлға, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындатып, ел ішінде және халықаралық қатынастар Қазақстанның атынан өкілдік ететін лауазымдық тұлға екедігі туралы әңгімелеп берді.

            Іс-шара барысында «Тұңғыш Елбасы» атты слайд тұсаукесері (презентация) көрсетіліп, Шарипова Меруерт Елбасына арнаған өлеңін оқыды. Ахметжанов Ұлан «Үш қоңыр» әнін шырқап, Абенова Айнұр Құрманғазының «Сарыарқа» күйін шертіп берді.

           Шара соңында кітапханада ұйымдастырылған «Ұлт мақтанышы - Елбасы» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттермен келген оқырмандар таныстырылды.

 
«Өз елім - өлең төсегім»

8 мектеп-кешенінің 7 сынып оқушыларына арнап «Өз елім - өлең төсегім» атты слайд-сабақ №6 кітапхана-бөлімшесінде өткізілді.

Шараға осы мектептің «Жас қаламгер» студиясының мұғалімі Айсрахуновна Айгерим Марияханқызы мен вокал мұғалімі Торайғыров Жанарбек қатысты.

Шараның мақсаты: оқырмандардың өз Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту, туған жерін сүюге тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру.


39287 213456 31273907

Слайд сабақ мынадай үш бөлімнен тұрды:

  • «Тәуелсіздік шежіресі»;

  • «Сөйлеген суреттер»;

  • «Жасампаз жыр жолдары».

Кітапхана қызметкері шара басында ел тарихынан шағын түсінік беріп, тәуелсіздік алғаннан кейінгі ең негізгі оқиғаларға тоқтала отырып шараны жүргізіп отырды. «Жасампаздық жылдар» атты бейнебаян көрсетілді. Шараны Укошова Анель, Жүнісбаева Аяжан «Туған жер», «Алтын бесік», «Қазақ елі осындай» әндерімен көркемдеп отырды. Шара соңында «Мен елімнің болашағына, дамуына қандай үлес қосамын» атты тақырыпта оқырмандар өз ой-пікірлерін айтты.

 

 
«Алтын жүректі адам»
17.10.2013 16:49

Жақия Шайжүнісовтің туғанына 100 жыл толуына орай Мирный кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде   №2 орта мектептің 6 «ә» және 7 «ә» сынып оқушылары арасында «Алтын жүректі адам» атты кеші өткізілді.

           Мақсаты: Жақия Шайжүнісовтың педагогикалық жолы – мейірім мен жанашырлықтың, қамқорлықтың, қайырымдылықтың, рақымшылдықтың, төзімділік пен сабырдың және балаға деген махаббат пен сүйіспеншіліктің үлкен мектебі.

   Осы кештін қадырлі қонағы болып Көкпекті балалар үйінің тәрбиеленушісі Кеңеспек Жармұхамбетов қатысты.

3 4

Балалар үйінің ыстығына күйіп, суығына тоңып, «Қайтсем осыларды адам қатарына қосамын» - деп адамгершілік парызын ғұмырына арқау еткен жан Жақия Шайжүнісов. Панасыздарды киімі бүтін, тамағы тоқ дәрежеге жеткізумен бірге, олардың рухани дүниеден шет қалмауына күш-жігерін салды. Сол кездегі оқу мен еңбекті ұштастыра жүргізіп, жастық жалын мен азаматтық қасиетті қатар ұстаған Жақия аға түн ұйқысын бөліп, жарғақ құлағы жастыққа тимей, панасыздарға әке орнына әке, шеше орнына шеше бола білген. Осылайша үлкен жүректің жылуы талай жанның жүрегінде өмір маздатты. Ұзақ жылғы осындай өнегелі еңбегі үшін Ж.Шайжүнісовке әуелі «Қазақ КСР-не еңбек сіңірген мұғалім», ал 1968 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

            Кездесу кешіне келген К.Жармұхамбетов ата сол кездегі балалар үйіндегі өздеріне ұстаздары қалай тәрбие берді және қалай тамақ ішіп, қайтіп жүріп, тұрғаны жайында оқушыларға жақсылап әңгімелеп берді. Сол кездері ұстаздарының балалар үйіндегі шаруалары (асыраған жылқылары, оқушылары араласқан аяқ киім цехы, қыз балалар тіккен тігін цехтары) жайлы ұзағынан әңгімеленді. Соғыс кезіндегі Отанға деген сүйіспеншіліктерін балалар үйі өздерінің асыраған жылқыларын сатып, еккен жеміс-жидектерін және тіккен аяқ киімдерін, тіккен киімдерінен түскен ақшаларына үкіметке самолет сыйлады. Оқушылар бар ынта-жүректерімен тыңдап ықыластана рахмет айтты.

            Шара өткен жерде «Алтын жүректі адам» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ж.Шайжүнісовтың өмірі және істеген игі-шаралары жайлы, сонымен бірге тамаша ұстаз туралы цитата қойылды.


 
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL