№12 кітапхана-бөлімшесінде Евразиялық техника-гуманитарлық колледж студенттеріне «Туған қалам менің сүйікті» атты виртуалды саяхат өткізілді.
14.09.2013 13:38

Виртуалды саяхатта көне және жаңа Семей туралы слайдтар көрермен назарына ұсынылып, М.Сұлтанбеков, А.Кузнецовтың Семей қаласына арналған өлеңдері оқылды. Қосымша сдайдтармен бірге «Қазақстан», «Танысыңыз, Қазақстан», Семейдің көшелерінің жылнамасы» атты әдеби, ғылыми-көпшілік кітаптардан үзінділер оқылды. Қала туралы иллюстрациялық көрнекі материал көрсетіліп, «Семейді білісің бе?» атты сұрақ жауапқа оқушылар белсене қатысып, қойылған сұрақтарға ақпараттармен кітапхана қызметкерлері толықтырып отырды. «Біздің қаламыздың 300 жылдығы» деген кітап көрмесіне шолу өткізілді.

LAST_UPDATED2