Жаңалықтар
Балалар және жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президент күніне арналған «Егемен елдің Елбасы» атты мерекелік іс шара өтті.
09.12.2012 08:48

Мақсаты - студеттерге жаңа мемлекеттік мерекені таныстыру.

Тұнғыш Президент күніне СМПИ институтының оқытушысы, филология ғылымының кандидаты Абикенов Мұхит Төкенұлы шақырылды. Мерекелік іс-шараға СМПИ студенттері, Музыкалық колледж студенттері, № 34 мектеп оқушылары қаттысты.

Іс – шара барысында Шабыт шығармашылық бірлестігінің оқушылары қаттысты. Аубакирова Лаура Елбасына арналған арнау өлеңін оқыды, Ахметжанов Ұлан «Үш қоңыр» әнін шырқап, Абенова Айнұр Құрманғазының «Сары Арқа» күйін шерттіп берді.

1 2

 

Кітапханашылар Елбасының өмірбаяны туралы қысқаша тоқталып өтті. «Тұнғыш Елбасы» атты презентация көрсетілді. Біздің қонағымыз Қазақстаның егеменді ел атауына Елбасының қосқан үлесі жайында 90 жылдан бастап қазіргі күнге дейінгі атқарған қызметі туралы айтып өтті. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Республикасына қосқан үлесі зор, Қазақстан экономикасы алға қарай жылжуда.

Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті Қазақстанды мекендеген барлық халықтардаң ұлттық мәдениетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымақтастығын жарастырып отырған ұлы тұлға, мелекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындатын, ел ішінде және халықаралық қатынастар Қазақстанның атынан өкілдік ететін лауазымдық тұлға.

Кітапхана қызметкерлері «Егемен елдің Елбасы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды және оқырмандарға таныстырды.


3 4 6
 
Цемент кентінің кітапхана бөлімшесінде – Дүниежүзілік ВИЧ/СПИД індетіне қарсы күрес күніне орай СПИД орталығының маманымен кездесу № 32 мектептің 10 «А» сынып оқушыларымен болып өтті.
09.12.2012 08:39

SAM 0923Іс – шараның мақсаты: оқушыларға ЖИТС-ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру.

СПИД орталығының дәрігері Мұқашева Ғалия Советқызының пікірінше, СПИД – ғасыр дерті.

СПИД – Жұқтырылған Қорғаныш Тапшылығының Белгісі. Адам денесінде Т – лимфоцит деп аталатын қан клеткаларының саны күрт төмендейді. Қазақстанда 4,5 мыңнан астам СПИД пен аурады.

SAM 0930

Іс-шара барысында оқушылар өз көкейлерінде жүрген сұрақтарды маманға қойды, сонымен қатар оқушылардың назарына "Зиянды әдеттермен күрес" тақырыбындағы ролик көрсетіліп, «Сақтансан сау жүресін» буклеттері таратылды. «Салауатты өмір салты» кітап көрмесіне шолу жасалынды.

 
1 желтоқсан ҚР тұнғыш президентінің күніне орай Цемент кентіндегі кітапхана бөлімшесінде №32 мектептің 8 сынып оқушыларына брей-ринг өтті
30.11.2012 08:02

P1030047Мақсаты: оқушыларды Елбасы еңбектерімен таныстыра отырып, Отанға, елге, ата-анаға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, егемен мемлекетіміздің патриоттары болуға тәрбиелеу, оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.

Кітапханашы Президентіміздің өмір жолы, еңбектері, алған марапаттары, туралы толық мағлұмат берді.

Элоктронды презентация көмегімен «Егемен елім ер жетті» атты брей-ринг өткізді.

Шара барысында «Менің елім-менің президентім» атты кітап көрмесіне шолу жасалынып, «Менің балалық шағым» фильмнен үзінді көрсетілді.

№32 мектептің 9 «б» сынып оқушысы Халелова Зарина Т.Әбдірахманованың Президентімізге арнаған «Елімнің тірегі» өленің оқып берді.

Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері, туған-туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын мекені, еліміз әрқашанда тыныш болсын, - дей отырып шара соңында ұатысушылар Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін хормен орындады.

P1030052 P1030054
 
Қалалық орталық кітапханада Қазакстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған «Ел тірегі, ел намысы» атты кеш өткізілді.
29.11.2012 08:52

21 желтоқсан – Қазақстанның жаңа жылнамасындағы тарихи күн. Тап осы күнді еліміз Президент күні ретінде атап өтуі заңды. Осы күні, 1991 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан үшін тағдырлы күндерде алғаш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, оның барысында Егемен Қазақстанның негізін салушы - Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Президенті болып сайланды. Президент болып тағайындалған күннен бастап, ол Қазақстанның дағдарыстан шығуына сара жол сала білді.

Қалалық орталық кітапханада Қазакстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған «Ел тірегі, ел намысы» атты кеш өткізілді. Кешке Радиотехника және байланыс колледжі мен Еуразиялық техникалық-гуманитарлы колледж студенттері қатысып, «Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі Балтабаев Еркебұлан және тұрақты оқырманымыз Бейсебаев Серіққан Жақыпұлы кештің құрметті қонақтары болды.

 

3 5

Мерекелік шарада Елбасымыздың балалық шағы туралы үзінді көрсетіліп, оның үлкен өмірге деген құштарлығының арқасында жеткен жетістіктері туралы ақпарат беріліп, слайд көрсетілді. Кеш қонағы Елордада «Арман! Еңбек! Сенім!» деген ұранмен өткен «Жас Отан» Жастар Қанатының II съезінің делегаты, «Жас-Отан» жастар қанатының мүшесі Балтабаев Еркебұланға сөз беріліп, ол Президенттің 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигонын жабу турал Жарлыққа қол қойып барша халықтың көп жылғы арманын жүзеге асырғанына тоқталып, жалындап тұрған жас жерлесіміз Елбасы алдында ШҚО жастарының өкілі ретінде сөз сөйлегенін мақтан тұтып, үлкен жауапкершілікті сезінетінін жеткізді.

 6

Кештің келесі қонағы тұрақты оқырманымыз С.Ж.Бейсебаев өзінің Елбасымен ең алғашқы кездесуі туралы сөз қозғап, Көлік колледж студенттері патриоттық әндерін тарту етті.

Кітапхана қызметкерлері арнайы ұйымдастырылған «Президент күні - Халықтың күні» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

Шараның басты мақсаты ертеңгі болашақтың іргетасы, кемел келешектің иелері жастарға Елбасының қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформалары туралы білімдерін толықтыру болды.


1 желтоқсан – Қазақстанның жаңа жылнамасындағы тарихи күн. Тап осы күнді еліміз Президент күні ретінде атап өтуі заңды. Осы күні, 1991 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан үшін тағдырлы күндерде алғаш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, оның барысында Егемен Қазақстанның негізін салушы - Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Президенті болып   сайланды. Президент болып тағайындалған күннен бастап, ол Қазақстанның дағдарыстан шығуына сара жол сала білді.

           Қалалық орталық кітапханада Қазакстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа  арналған  «Ел тірегі, ел намысы»  атты  кеш өткізілді. Кешке Радиотехника және байланыс колледжі мен Еуразиялық техникалық-гуманитарлы колледж  студенттері қатысып, «Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі Балтабаев Еркебұлан және тұрақты оқырманымыз Бейсебаев Серіққан Жақыпұлы кештің құрметті қонақтары болды.

            Мерекелік шарада Елбасымыздың балалық шағы туралы үзінді көрсетіліп, оның үлкен өмірге деген құштарлығының арқасында жеткен жетістіктері туралы ақпарат беріліп, слайд көрсетілді.  Кеш қонағы Елордада «Арман! Еңбек! Сенім!» деген ұранмен өткен «Жас Отан» Жастар Қанатының II съезінің делегаты, «Жас-Отан» жастар қанатының мүшесі Балтабаев Еркебұланға сөз беріліп, ол Президенттің 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигонын жабу турал Жарлыққа қол қойып барша халықтың көп жылғы арманын жүзеге асырғанына тоқталып,  жалындап тұрған жас жерлесіміз Елбасы алдында ШҚО жастарының өкілі ретінде сөз сөйлегенін мақтан тұтып, үлкен жауапкершілікті сезінетінін жеткізді.

LAST_UPDATED2
 
Балалар және жасөспірімдер кітапханасында №17 мектептің 4 сынып оқушыларының қатысуымен «Құстар біздің досымыз» атты сайыс өтті.
20.11.2012 07:54

Мәдени шараның мақсаты: оқушылырдың сөздік қорын дамыту, өз ойларын еркін жеткізуіне ықпал ету, құстарға қамқорлық жасау қажеттігін түсіндіру, табиғатты аялауға үйрету.

Сайыс барысында құстар табиғатты зиянды нәрселерден қорғайтыны, жергілікті жерімізде мекен ететін құстардың түрлері, жыл құстары туралы жас оқырмандарға әңгімелеп берді.

Оқушылар «Бүркіт» және «Үкі» атты екі топқа бөлініп, топ басшысы сайланды. Балалар сайыста жұмбақтарды шешіп, слайд арқылы берілген құстар туралы сауалдардың жауаптарын белсенді қатысып шешті.

Кітапхана қызметкері балаларға құстарға байланысты халық болжамдарын айта кетіп, балаларды сергіту мақсатында «Мысық пен торғай» атты ойын ойнатты.

Сонымен қатар шарада ертегілер кейіпкерлерінің суреттері жинақталған «Ертегілер елінде» атты слайд көрсетіліп, көз қызықтырар әр түсті мерзімді басылымдардан, ақпаратқа толы кітаптардан жинақталған «Қанатты достар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып үйге 5 кітап берілді.

Сайыс соңында екі топтың қатысушыларына сыйлықтар таратылып, кітапхана қызметкерлері алғыс білдірді.


1 2
3 4
5 6
 
<< Бірінші < Алдыңғысы 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL