Жаңалықтар
14.09.2011 21:02

Орталық кітапхананың мәжіліс залында «Ана тілі мәңгі құламайтын бәйтерек» атты әдеби сазды кеш өткізілді.

1Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өз атамекенін қалай сүюін, өз ана тілін қалай білуімен өлшенбек. Ананың ақ сүтіне уызынан жарыған адам қашан да отаншыл, ұлтжанды болмақ. Әркімнің өз тіліне деген құрметі өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрмет деп білу керек.

Иә, тіл – халықтың басты қасиетті байлығы болса, байлығымызды келешек ұрпаққа қалдыру, оның қасиетін білу мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті 1998 жылғы 22 қыркүйекті «Қазақстан халықтарының тілдері күні» деп жариялаған болатын.

Көбірек ақпарат...
 
14.09.2011 20:44

ХХI ғасыр көшбасшысы


2ОКЖ №12 кітапхана бөлімшесінің Балалар бөлімінде «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты сайыс өтті.

Мақсаты: оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру; ойлау, сөйлеу қаблеттерін шыңдау, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру,

бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру.

«Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен, азаттық пен білім қажет».-

деп Шоқан Уәлиханов, ал Қаныш Сәтбаев: «Ғылым майданының қатардағы жаунгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі», - деп айтып кеткендей, еліміздің болашағы тек қана білімді

жастар екені даусыз. Ал сол білімді жастарды болашақта осы балалар құрайтын болады.

Сайыс 5 бөлімнен тұрады. Бөлімдердің аты: «Бәйге», «Өлең – сөздің патшасы», «Тіл – өнері», «Ата салтың – халықтық қалпың», «Жорға».

Шараның соңынан әділқазылар сайыс қортындысын шығарды. Олар жеңімпазды анықтады. Жеңімпазға «ХХІ ғасыр көшбасшысы» деген атақ берілді.

LAST_UPDATED2
 
12.09.2011 20:47

 

Кітапхана – ақпараттық-мәдени орта екенін насихаттау мақсатында Цемент кентіндегі кітапхана бөлімшесі 6 қыркүйек күні «Кітап – біздің досымыз» атты кеш өткізді.

 

Кітапхана – ақпараттық-мәдени орта екенін насихаттау мақсатында Цемент кентіндегі кітапхана бөлімшесі 2011 жылдың 6 қыркүйек күні № 32 орта мектептің 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Кітап – біздің досымыз» атты кеш өткізді.

Шараның мақсаты, кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, кітапты күтіп ұстауға үйрету.

 

LAST_UPDATED2
Көбірек ақпарат...
 
12.09.2011 20:24

 

«Балалар және жасөспірімдер кітапханасында білім күніне орай «Кел, балалар, оқылық» атты экскурсия өтті»

1Балалар және жасөспірімдер кітапханасында білім күніне орай «Кел, балалар, оқылық» атты экскурсия өтті. Оған қаламыздағы №17 мектептің 3 «б» сыныбының оқушылары қатысты.

Мақсаты: Кітаптың адам өміріндегі маңызын, әртүрлі формадағы ойындар өткізе отырып, олардың тіл байлығын, шығармашылық қабілеттерін, кітап оқуға деген қызығушылықтарын артттыру.

LAST_UPDATED2
Көбірек ақпарат...
 
04.09.2011 20:45

 Конституция күніне орай  татулық пен бірлікті паш етіп, түрлі ұлт өкілдерін қуанышқа бөлеген мерекелік шара 2011 жылдың 30 тамыз күні Семей қаласының Ертіс жағалауында өткізілді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы - Қазақстанды мекен етіп отырған он алты миллионнан астам адамның басты құжаты, басты құндылығымыз. Ата Заң – Қазақ мемлекеттілігінің алтын арқауы. Ата Заң - біздің демократиялық дамуымыздың негізі. Конституцияны қастерлеу - мемлекеттілікті қастерлеу, елдікті, егемендікті құрметтеу.

Негізгі Заң Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің конституциялық заңдылығына іргетас болып табылады. Мемлекеттік билік органдарының, қоғамдық институттар мен азаматтардың қызметі, еліміздің қол жеткізген жетістіктері, бейбіт өмір сүруіміз, ертеңгі күнге деген сеніміміз, Қазақстанның халықаралық аренадағы беделінің артуы Конституцияда айқындалған құқықтық негіздерге сүйенеді. Демек, бұл жетістіктер Негізгі Заңның авторы ретінде Қазақстан халқының қалауын білдіреді.

Көбірек ақпарат...
 
Тағы мақалалар...
<< Бірінші < Алдыңғысы 31 32 33 34 35 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL