26.09.2011 20:08

 Қалалық орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары мәжіліс залында радиотехника және байланыс колледждің әдеби кеш өткізді.


1Елімізде 2007 жылдан бері Қазақстан Республикасының мәдениет министрлігі мен Қазақстан Республикасының ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен «Бір ел - бір кітап» акциясын ұйымдастырып келеді.

Әдеби-көпшілік шара биыл да өз жалғасын тауып қыркүйек айындағы «Бір ел - бір кітап» акциясында ХХ ғасырдың басында ұлттық әдебиеттің барлық жанрында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгерлердің қатарында ақын әрі прозашы, драмашы әрі аудармашы, сыншы әрі публицист Жүсіпбек Аймауытовтың есімі айрықша орын алған, әдебиеттің әр алуан жанрларында қалам сілтей жүріп, ол қазақ әдебиетінің жаңа өріске шығуына мол еңбек еткен Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы жарияланып отыр.

Бұл шараның ерекшелігі, бір автордың бір кітабы немесе белгілі бір мазмұнды шығармасы таңдап алынып, ол бір жыл бойы ел ішіндегі миллиондаған оқырман назарына ұсынылады.

Кітапхана қызметкерлері «Бір ел-бір кітап» акциясын жүргізіп, акцияға тұрғылықты халықтың барлығын тартуда үшін мәдени іс-шараларды өткізуде.

2Сондай-ақ қалалық орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары Л.А.Мадибаева мен К.А.Имаханова мәжіліс залында 16 қырқүйек күні сағат 10-00 де радиотехника және байланыс колледждің 2 курс студенттерімен әдеби кеш өткізді.

«Ақбілек» романы - бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру үдерісін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Ақбіліктің жан дүниесіндегі күрделі құбылыстарды жазушы психологиялық тұрғыдан терең талдап, шебер бере білген. Романның бүкіл оқиғасы Ақбілектің айналасында өтеді, оның бәрі Ақбілектің ойы арқылы өрбиді. Шығарманың бас кейіпкері Ақбілек өшіккен адамдардың кесірінен ақ әскерлерінің тұтқынына түсіп, неше түрлі қорлық көреді. Төңкерістен соң қалаға кетіп, оқу оқып, өз бақытын табады. Роман туралы Қабдрахманова Р,Асылханова Р,Жолдыбаева Ш, Төлетаева Қ., Уалханов Ж. өз ойларын ортаға салды.

«Нар тұлғалы талант» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып шолу жасалды.

Барлық кітап сүйер қауымды осы шығармамен тереңірек танысу үшін кітапханаларда өтетін шараларға қатысып, ат-салысып, белсенділік танытуға шақырамыз.