18.09.2011 17:28

 Ашық аспан саған, Қазақстан !

1

2011 жылы 15 қыркүйек күні сағат 11.00 де №12 кітапхана-бөлімшесінің балалар бөлімінде «Ашық аспан саған, Қазақстан » тақырыбында кеш өткізілді.

Осы мәдени -іс шара Тәуелсіздікке 20 жыл толуына арналған жоспардың шеңберінде өткізіліп жатыр. Кештің мақсаты – балаларда патриоттық сезімдерін ояту, Отанымыздың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін насихаттау.

Залдың көрнекілігі – тақырыптық кітап көрмесі , проектормен көрсетілген фотоматериалдар . Кеш Әнұран орындаумен басталды.

Қатысқан оқырмандардын саны – 22 адам, барлығы - №30 орта мектептін 5 «Б» сыныптың оқушылары қатысты. Кешті кітапханашы Э. Оразовамен қатар екі оқушы белсенді қатысып өткізді. Олар сценарий бойынша Отан және Қазақстан , Тәуелсіздік туралы өлеңдерін жатқа айтып , мәнерлеп оқыды.

Өткен мәдени-іс шараның нәтижесі – жаңадан жазылған 9 бала, берілген кітаптардың саны – 10, журналдардан – 7, газеттен – 2 дана қолға берілді.