Мирный кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде №18 және 26 мектептің 7 сынып оқушыларымен Кеңес әскерлерін Ауған жерінен шығарылуына 25 жыл толуына арналған «Ауғанстан: қайғысы мен даңқы» атты естелік сағаты өткізілді.
12.02.2014 15:46

Мақсаты: тарихты зерделеу арқылы Отанға деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу, өз елін қорғауға дайындау арқылы азаматтық сезім қалыптастыру.

Естелік сағаты бір минут үнсіздікпен басталып, Қазақстан Республикасының әнұраны орындалды.

Шара басында кітапханашы үстіміздегі жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерінің шектеулі бөлігі Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 25 жыл толатындығын айтты.

 

mirni1 mirnii2

mirnii3

Сонымен қатар ол қатысушыларға ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің жыл сайынғы Жолдауларында ҚР-дағы жастардың әскери-патриоттық тәрбиесінің рөлі, және оның тәуелсіз мемлекеттің болашағында алатын орны туралы бірнеше рет айтқандығын атап өтті.

Интернационалист жауынгерлер Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің әскери дәстүрлері мен әскери даңқын жалғастыруға лайықты мирасқорлар болып табылады, және олар қазақстандық жастарға патриоттық тәрбие беруге әрқашан дайын. Ары қарай кітапханашы шараға қатысушыларға ауған соғысының тарихы туралы қысқаша тоқталып, ауған соғысына қатысқан семейлік интернационалист жауынгерлер туралы ақпарат берді. Әсіресе, «Қызыл Жұлдыз» орденімен қайтыс болғаннан соң марапатталған жерлесіміз, жауынгер-интернационалист Н.Р.Сырлыбаев туралы жан-жақты әңгімеледі.

Шараға қонақ ретінде Ауған аумағындағы әскери ұрыстарға қатысқан интернационалист жауынгерлер Оқапов Асан Нариманұлы, Айтпаев Савет Мұратұлы шақырылды. Олар балаларға соғыстағы біздің жауынгерлердің ерліктері туралы әңгімелеп берді. Соғыста қаза тапқан жауынгер интернационалист Н.Р.Сырлыбаевтың әкесі Сырлыбаев Рахымбек Омарханұлының өз ұлы туралы естелік әңгімесі балаларға үлкен әсер етті.

Шара барысында «Бір минут үнсіздік», атты электронды тұсаукесер және «Ауғанстан – жүректе қалған із...», «Кеңес әскерлерін ауған жерінен шығару» атты бейнероликтерден үзінділер көрсетілді.

«Ертіс толқындары» халықтық ансамблінің әншілері қатысушыларға «Ауғанстан» әнін музыкалық сый ретінде тарту етті.

Естелік сағатына балалар белсене қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Шараға арнайы дайындалған «Ауғанстан – біздің есімізде» атты тақырыптық кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.