№2 кітапхана-бөлімшесінде №35 мектеп кешенінің жазғы демалыс лагерінің оқушыларымен «Балғын балалық шақ!» атты суреттер сайысы өткізілді.
07.06.2013 00:00

Шара барысында кітапханашы Балаларды қорғаудың халықаралық күні мейрамының шығу тарихы жайлы оқушыларға айтып өтті. Бұдан соң оқушылардың тақырып бойынша салған суреттерін тамашалап, сайыс қорытындысы бойынша №35 мектептің 3 «б» сынып оқушысы Дузбембетова Диананың суреті ең үздік деп танылып, марапатталды.

Сонымен қатар кітапхана қызметкері кітапхана жайлы ақпарат беріп, тұрақты оқырман болуға шақырды. Сайыс соңында «Біз бақытты баламыз!» атты тақырыптық сөреге библиографиялық шолу жасалды.


1 2 3