Мирный кентіндегі кітапхана – бөлімшесінде Кітап мерекесі аясында «Х.Андерсеннің ертегілеріне саяхат» атты виртуалды көрме №26 орта мектептің 4 сынып оқушыларына арналып өткізілді.
25.04.2013 00:00

1Шараның мақсаты: оқушыларды кітап оқуға қызықтыру, сөйлеу мәнерін дамыту, кітаптың адам өміріндегі пайдасы мен маңыздылығын ұғындыру.

Кітап қай заманда да өзінің құнын жоғалтпаған. Кітап арқылы біз өткенге көз жіберіп, жақсысынан тағылым аламыз. Жас ұрпақты кітап оқу арқылы қайырымдылыққа, адалдыққа, әділеттілікке, жамандықпен күресе білуге баулимыз.

Шара барысында кітапхана қызметкері кітаптың түп атасы қашан, қайда жасалғанын, кітап сөзінің шыққан атауы туралы, сонымен қатар кітап тек үйде ғана емес, жауынгерлердің жорық кезінде рухани азығы болғаны жайлы аңыздар айтып, әлемдегі ең танымал әрі ең үлкен кітапханалар слайд арқылы көрсетіліп, оқушыларға қызықты ақпарат берілді. Сонымен қатар жыл сайынғы маңызы өте жоғары рухани байлық болып табылатын кітап мерекесінің дәстүрлі түрде мерекеленуі мен Г.Х.Андерсеннің өмірі мен шығармашылығы айтылып, балаларға арналған ертегі кітаптары туралы виртуалды көрме ұйымдастырылды. Көрме арқылы оқушылар әр кітаптың қысқаша мазмұнынан ақпарат алып, ұсынылған кітаптар оқырмандардың жүректеріне жол тауып, оқуға деген құштарлықтары артты. Оқушылар кітап туралы өздері білетін тақпақтарын айтып, «Науқас кітап» атты көрініс қойды.

Еңбексүйгіштікке, татулыққа тәрбиелейтін ертегілер арқылы ойындар ұйымдастырылып, ойын барысында ертегі кейпкерлерімен бірге қызықты саяхатқа шыға отырып талапты, кішіпейіл болу керектігін ұғынып, «Кітап нені сүйеді?» атты ойында оқушылар кітапқа үнемі құрметпен қарап, таза ұстауға дағдылану керектігін білді. Шара соңында әр ұлттың ертегілеріне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушылар өздеріне ұнаған ертегілерін қызықтап оқыды.

2 3